Сенің ойларың маған тым жоғары, Уа, Құдай, қанша көп олардың саны! Забур 138:17 Балам, әлем жаратылмай тұрып-ақ мен сені білгенмін. Тіпті басыңдағы шаштарыңның қанша екенін білемін! Ата-анасына баласы ұқсас болатынындай, сен рухани жағынан Маған ұқсас болып жаратылдың. Менің саған деген жоспарларым бар және сол жоспарларды орындау үшін қажет болатын дарындарды да бердім. Менің бергенімді ешкім де тартып ала алмайды. Алайда сен сол дарындарға немқұрайлы қарамауың керек: оларды күнделікті жаттықтырып, жетілдіруің қажет екенін есіңде сақта. Мен сенің өміріңе еніп, игі жұмысымды бастадым, бастағанымды аяқтайтыныма нық сен. Мен бастағанымның барлығын әрқашан да аяқтаймын. Менің саған деген ерекше жоспарым көкте белгіленіп қойған. Менің саған деген ниетім және өзіңе берген уәдем ешқашан өзгермейді. Осы өміріңде сенде біраз қиыншылықтар болмақ, бірақ қуан: шайтан саған зиян келтіре алмайды және осы күнәқар әлем де сені құрта алмайды, өйткені Мен олардан сол билікті тартып алдым! Қиыншылыққа түскен кезіңде Менің саған дер кезінде көмек беретінімді ұмытпа. Мойныңдағы жүгіңді Маған бер, Мен саған қолдау көрсетемін. Стресс жағдайларға немесе өмірдің қыспақтарына тап болған кезде Маған сүйене ғой. Мен сенің Жартасың, Бекініс-қорғаның, Құтқарушың және Күшің боламын. Тіпті анда-санда сүрініп құласаң да, сені ештеңе де, ешкім де құрта алмайды, өйткені сені ұстап, саған демеу болып келе жатқан Менмін. Балам, саған мынаны ескертейін: рухани соқыр адамдардан ақыл-кеңес алушы болма, сондай-ақ күдіктенушілерден және сыншылдардан аулақ жүр. Менің сөзімді қуана оқып, ол жайында ойланып-толғансаң, онда өзеннің жағасында өсетін талдай гүлденіп, көп жеміс бересің, демек, істеген жұмыстарыңның барлығы табысты болады. Сенің хабарыңды асыға күтетін боламын. Жексенбі күні Менің үйімде кездескенше!

Теги других блогов: продвижение SEO Google