№7 қағида: Өткен өміріңізге жармаспаңыз Кейде өткен өміріміз бізді жібермейтін сияқты. Өткен өміріміз емес, біз оны жібергіміз келмейді, міне мәселе осында. Қазіргі уақытта еш пайдасыз болып қалған өткен нәрселермен өмір сүру, бізге алға қойған мақсатымызға жетуге кедергі келтіреді. Өткен өміріміз, қазіргі немесе болашақ өмірімізге кедергі келтірмеуі тиіс. Қателіктер және көңілсіз жайттардың кесірінен – «мен – жолы болмағыш, бақытсыз адаммын, үнемі қолайсыздықтарға ұшыраймын» деген қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Бірнеше рет қолайсыздықтарға ұшырап, қателіктер жасағаныңыз, енді әрқашан солай болады дегенді білдірмейді. Менің тағдырым осы екен деп, соған көнудің қажеті жоқ. Керісінше әр жағдайды қабылдай біліңіз. Айырмашылықты түсініп тұрсыз ба? Өткен өміріңізді тек тәжірибе ретінде қолданыңыз: «Мен өзіммен қалай жұмыс істеп жатырмын?», «Осындай жағдайға қайта душар болмауым үшін не істеп жатырмын?» деген сұрақтарды жиі өзіңізге қойыңыз. Өткен өміріңіз бүкіл өміріңіздің негізі емес. Қателіктеріңізді түзетіңіз, өткен өміріңізді қабылдап, сүйіспеншілікпен жіберіңіз, қазір және осында өмір сүруді бастаңыз.

Теги других блогов: өмір сүру өткен өмір қателіктер